Асыл ана - Шығарма Қазақша Рефераттар! - referats-kz.ru - Первый Казахстанский сайт Kz Рефератов

Вторник, 02.09.2014, 17:57
Приветствую Вас Гость | RSS


Қазақша Рефераттар!

Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Шығарма

Асыл ана
[ (56.0Kb) ] Чтобы получить ссылку на скачивание кликните на ссылку ниже. 30.08.2009, 17:31

Асыл ана

“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
деп жырлағым келеді.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.
Ұрпаққа бақыт сыйлаған
Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған,
Тіршіліктің тынысы мен ажары
деп өз ойымды білдіргім келеді.

Өмірдегі тірегім
Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым
“Анашым” – деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана, -
дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.
Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.
Аналық махаббатың кәусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Адам “адам” болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек.
Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.
Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәләл болса керек.
Ғалымдар адам аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана құшағы ғана.
Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда.
“Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар.
Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген.
Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!
Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресі: анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, ьарлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса.

Ана туралы

Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.
В.Г.Белинский

Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя.
В.Гюго

Ана көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады.
О.Бальзак

Әйел жерден шыққан жоқ,
Ол да еркектің баласы.
Ерлер көктен түскен жоқ,
Әйел – оның анасы.
А.Тұрмағамбетов

1) Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз
Жақсы қыз – жағадағы құндыз
2) Жарлы білегіне сенеді
Жігіт жүрегіне сенеді
3) Жеті жоқтың бірі
Таста тамыр жоқ
4) Тіліңмен жүгірме
Біліммен жүгір
5) Құстың күші қанатында
Адамның күші достықта
6) Өмірдегі тірегің – анаң
7) Ұстаз мейірі мен ана мейірі егіз
8) Үш қуаттың бірі – тіл
9) Махамбет ақынның көп өлеңдерінің қаһарманы – Исатай
10) Үш арсыздың бірі – ұйқы
11) Дерт көп, денсаулық біреу
12) Жаманға сырыңды айтпа, сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа
13) Баланың жақсысы – қызық
Жаманы – күйік

Толық нұсқасын жазып алу үшін СКАЧАТЬ кнопкасын басыңыз
Категория: Шығарма | Добавил: spammer
Просмотров: 47148 | Загрузок: 1674 | Комментарии: 86
Всего комментариев: 851 2 3 ... 8 9 »
85 АСан   (03.03.2014 14:22)
тамаша майра саған не үшін ұнамады түсінбеймін

84 алмаз   (26.02.2014 19:54)
Маған шығарма ұнады.сабағыма керегін алдым.Рахмет сіздерге.

83 mmmm   (20.02.2014 20:32)
mmmmmmmmmmmmmmmmmmmmmmmmmmmmmmm

82 АИША   (06.02.2014 20:07)
bul ote kushti

81 orinai   (05.02.2014 12:46)
OTE KYWTI))) MAGAN UNADI))

80 майра   (03.02.2014 20:05)
онша емес екен7 мынау сия0ты болу керек кой:
Ана туралы ойыңды, айтып тауысу алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында теңіздің терең тұңғиығындай ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөз де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.

79 ЗЕЙНЕП   (23.01.2014 19:32)
ЖАҚСЫ ЕКЕН ӨТЕ ТАМАША АНАМЫЗДЫ ҚАДІРЛЕЙ БІЛЕЙІК

78 махфуза   (23.01.2014 19:30)
ЖАКСЫ ЖАЗЫЛГАН ШЫГАРМА ЕЙ АДАМДАР ӨМІРДЕ АНАМЫЗДЫ ҚАДІРЛЕЙІК

77 aiko   (23.01.2014 19:08)
керемет екен бары унады

76 Қазақша рефераттар   (23.11.2013 14:48)
Қазақша рефераттар тегін,слайдтар, ҰБТ МАБ сұрақтары,шпорлар,анекдоттар - http://referatikz.ru.Сайтта слайдтардың толық жиниғы бар,басқа сайттардан таба алмайсындар.+5 2013 жылғы бағдарламасы бар кілтімен.

1-10 11-20 21-30 ... 71-80 81-85

Имя *:
Email:
Код *:
экология
экологический портал
Форма входа
Меню сайта
Категории рефератов
NEWS
Поиск
Чат
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0
Наш опрос
Қазақша кітаптар бөлімі қажет пе?
Всего ответов: 3723
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24

Создать сайт бесплатно